4 қазан – Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің оқушыларымен «Табиғат айнасы» үйірмесі аясында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, жануарлар дүниесін қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.