Бір қарағанда, екеуі де бірдей көрінеді: ақ түсті, ірі денелі, тұмсығының астында қапшығы бар құстар. Бірақ шын мәнінде, бұл — екі түрлі бірқазан түрі!
1. Бұйрабас бірқазан
Ересек бұйрабас бірқазанның басы мен желкесінде ерекше бұйра қауырсындары болады. Қауырсыны сұрғылт реңкті, көбею кезеңінде тұмсық қапшығы қызғылт-қызыл түске енеді, ал аяқтары қара-сұр түсті.
2. Қызғылт бірқазан
Оның қауырсыны ақ, нәзік қызғылт реңкті болады. Тұмсық қапшығы сарғыш-қызғылт, ал аяқтары қызғылт түсті.
Ал олардың балапандарын қалай ажыратамыз?
Бұл екі түрдің балапандарының да өзіндік ерекшеліктері бар:
- Бұйрабас бірқазанның балапандарының мамығы көбіне ашық түсті болады. Өсе келе қауырсындары сұрғылт-қоңыр реңкке ие болады.
- Қызғылт бірқазанның балапандары ерте жаста қоңырқай-қара, күңгірттеу болып келеді. Өсе келе қауырсындарының түсі біртіндеп ашықтанады.
Неліктен оларды ажырата білу маңызды?
Өйткені екі түр де сирек кездеседі және қорғауды қажет етеді. Әрқайсысы табиғатта маңызды рөл атқарады. Бұл ғажайып құстарды сақтау — бәріміздің ортақ міндетіміз!
Ал сіз қай бірқазанды кездестірдіңіз — бұйрабас па, әлде қызғылт па?