2026 жылғы 25 қыркүйекте Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орын алған өрт 27 қыркүйек сағат 11:00-де оқшауланды.
Өртті сөндіруге 44 орман күзеті қызметкері мен 15 бірлік техника, оның ішінде су төгетін құрылғымен жабдықталған РМҚК «Қазавиаорманқорғау» Ми-8 тікұшағы тартылды. Авиация күштерімен 30 тоннадан астам су төгілді.
Өртті сөндіру жұмыстары аумақтың сулы-батпақты сипатына және техниканың жекелеген учаскелерге кіруінің қиындығына байланысты күрделене түсті. Соған қарамастан, орман күзетінің жедел әрекеті мен авиациялық қолдаудың арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.
Өрттің шығу себебі – іргелес аумақтан таралуы.
Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.