Алакөл көлінде таңбаланған құстардың ең көп саны Өзбекстанда (29,7%), Ресейде (21,7%), Иранда (11,3%), Үндістанда (9,7%), Тәжікстанда (5,3%), Түрікменстанда (4,7%), Пәкістанда (3,7%), Қырғызстанда (3,3%), Қытайда (3,3%) кездесті.
Әзербайжанда, Вьетнамда, Кувейтте, Моңғолияда, Бельгияда, Болгарияда, Беларусьте, Эфиопияда, Малайзияда, Камбоджада, Нидерландта, Оманда, Суданда, Түркияда және Ұлыбританияда небәрі 1–3 дарақтан кездесті.
Осылайша, қазіргі уақытта Алакөл ойпатының орнитофаунасының тек 1/5 бөлігі бойынша аумақтық байланыстар туралы мәліметтер алынды. Бұл жаппай сақиналау жұмыстарын жалғастырудың және таңбаланған құстардың кездесуі туралы деректерді жинаудың қажеттілігін көрсетеді.