2026 жылғы өрт қаупі маусымы барысында қорық аумағында жалпы 5 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт шарпыған аумақ – 416,18 гектар. Тентек өзенінің атырауы учаскесінде 2 өрт оқиғасы орын алып, жалпы көлемі 403,18 гектар ормансыз аумақты шарпыды. Жалаңашкөл учаскесінде 3 өрт оқиғасы тіркеліп, жалпы көлемі 13 гектарды құрайтын ормансыз аумақты (шымтезекті жерлерді) қамтыды. Өрт қаупі маусымы кезеңінде табиғи аумақтарды өрттен қорғау, өрт ошақтарын дер кезінде анықтау және олардың таралуына жол бермеу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.