Адамзаттың сулы-батпақты алқаптарға тигізіп жатқан кері әсерін тоқтату мақсатында 1971 жылғы 2 ақпанда Иранның Рамсар қаласында халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенция қабылданды. Аталған конвенция, ең алдымен, суда жүзетін құстардың тіршілік ету ортасын қорғауға бағытталған. Рамсар конвенциясы сулы-батпақты алқаптар мен олардың табиғи ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында ұлттық деңгейдегі іс-шаралар мен халықаралық ынтымақтастықтың негізін қалайды. 2009 жылғы 25 қарашада Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесі Рамсар тізіміне №1892 нөмірімен енгізіліп, халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқап ретінде танылды.
