Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

2026 жылғы 3 қыркүйекте өрт қауіпті маусымның екінші шарықтау кезеңіне дайындық аясында Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Н. Ноғайбековтың қатысуымен орман және дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуға Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы, Алакөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Үшарал қаласының №7 өрт сөндіру бөлімі және Алакөл орман шаруашылығы қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — өрт қауіпті кезеңде орман-дала өрттерін жоюға қатысушы ведомстволардың дайындығын арттыру және өзара іс-қимыл тиімділігін жетілдіру.
Оқу-жаттығу барысында:
қызметтер арасындағы жедел байланысты ұйымдастыру;
белгіленген алгоритм бойынша бірлесіп жұмыс істеу;
басқарушы құрамның жедел шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру;
жеке құрамның далалық жағдайда өртті оқшаулау шеберлігін тексеру;
өрт сөндіру техникалары мен арнайы жабдықтардың әзірлігі мен дайындығын бақылау жұмыстары пысықталды.
Өткізілген оқу-жаттығу барысында барлық қойылған міндеттер толық орындалып, төтенше жағдай туындаған жағдайда ведомствоаралық өзара іс-қимылды жедел әрі тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы.